BANNER

"Балалар пойызға отыруы керек еді": Жантүршігерлік жол апаты туралы жаңа деректер пайда болды

Фото: скриншот

Оқушылар Маңғыстау облысында жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырған Halyk Open Cup футбол турниріне Әйтеке би ауданының Құмқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына қарай шыққан.

Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандардың арасында бес бала, полиция қызметкері және самбодан Қазақстан чемпионы бар, деп забарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі inbusiness.kz-ke сілтеме жасап.

Балалар вокзалдан пойызға отыруы керек еді.  Олардың қолында билеттері болды... Пойызға отыру үшін әрқайсысының ата-анасынан алынған сенімхат болды. Әр баланың ата-анасы нотариалды куәландырылған құжат берді, - деді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.

Облыс орталығына балалар екі көлікпен шыққан. Жүк көлігімен соғысқан Toyota Ipsum-нің ішінде  4,5,6 сынып оқушылары мен үш ересек болған. Бірі  ауыл мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екі ұлымен ажал құшты. Турнирге баруды ұйымдастырған сол мұғалім екен.