Астаналық кәсіпкер өз міндеттерін орындамай, 5 мың баланы жаңа жылдық сыйлықсыз қалдырды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Астана қалалық сотының мәліметіне сенсек, келісімшартқа сәйкес айыпталушы өзінің қызметкерлерінің балаларына арналған 7 158 сыйлықты 37,8 миллион теңгеге жеткізуі керек еді. Алайда компания тек тауардың бір бөлігін ғана жеткізген. Бұдан кейін тапсырыс беруші 5 мың жетпеген сыйлық үшін 26,4 миллион теңге көлемінде айыппұл мен шығын өндіруді талап етіп, сотқа жүгінді.
Жауапкердің өкілі келісімшарттың бір бетіне клиент қол қоймағанын түсіндірді. Адвокат бұл беттегі шарттар басқаша болуы мүмкін екенін алға тартты. Бірақ мекеме директоры сотқа келісімнің басқа нұсқасын ұсынбаған. Керісінше, толық төлем қабылданғаны және тауардың тек бір бөлігі жеткізілгені келісімнің жартылай орындалғанын дәлелдеген.
“Сот талапты қанағаттандырды, себебі балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар белгіленген мерзімде жеткізілмеді”, – деп атап өтті сот.
Шешім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада дубай шоколадын сатып адамдарды алдаған алаяқ 3 жылға сотталғанын жаздық. “А дубай шоколадын сату сылтауымен жәбірленушілерді алдаған. Бірнеше рет олардың қаражатын иемденіп, 10 жәбірленушінің жалпы сомасы 301 020 теңге ақшасын жымқырған. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.