Екібастұз тұрғыны 18 шілде күні бұрынғы жігітінің өзін аяусыз соққыға жыққанын айтты. Алайда құқық қорғау органдары дер кезінде әрекет етпеді деп шағымданды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленуші қастандық жасаған жігіттің өзін бір сағаттан астам уақыт азаптап, қорлағанны айтты.
“Оның әрекеттері салдарынан мен өміріме және денсаулығыма қауіп төндіретін дене жарақаттарын алдым. Басымды қабырға мен еденге ұрып, тепкінің астына алды, қылқындырды, сондай-ақ мәжбүрлеп белгісіз ақ ұнтақ пен дәрі ішкізді. Бұл – менің өміріме қасақана жасалған қастандық. Шабуылдан кейін қажетті тергеу әрекеттері уақтылы жүргізілмеді: оқиға орны қоршалып, сүргі соғылмады. Бұл дәлелдердің жойылып кетуіне себеп болған болуы мүмкін”, – дейді қыз.
Фото: Instagram/lamibrows_tigrees
Оның айтуынша, полиция өзі ісіне салғырттық танытқан.
“Қылмыс іздерін қарау және тіркеу жүргізілмеді, атап айтқанда: қан іздері, мені ұрған заттар (шанышқылар, пышақтар), менің аузыма мәжбүрлеп салған ақ түсті зат пен дәрілер, өмірім үшін күрескенімді көрсететін іздер, бөлме ішіндегі зақымдар тіркелмеді. Полиция қызметкерлерінің оқиға орнын тіркеу барысында жіберген салғырттық әрекеттеріне құқықтық баға беріп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды сұраймын", – деп жазды жәбірленуші.