BANNER

Баян Мақсатқызы Ерке Есмахан туралы: «Үйіме келіп жылайтын»

Фото: видео скрин

Танымал продюсер Баян Алагөзова Ерке Есмаханмен жұмыс істеген кезді еске алып, басынан өткен жағдайды айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«РАКЕТА СИЯҚТЫ ҰШЫП КЕТТІ»

Ол Ерке Есмахан көп еңбектенгенімен, ұзақ уақыт жолы болмай жүргенін айтты. 

Ерке Есмахан жұлдызды сәтін ұзақ күтті, көп еңбектенді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, "Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?" деп айтатын. Мен оған "Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма" дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. "Не істейміз?" деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады, соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті", – деді продюсер  Din Dina Show бағдарламасында.