Танымал продюсер Баян Мақсатқызының тұңғышы Айсәуле Бақытбек үшінші рет ана атанды, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Баян Мақсатқызы бұл қуанышымен Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Бақыт! Бақыт! Бақыт!
Менің қызым үшінші рет ана атанды! Дүниеге қыз келді!" - деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа үшін қуанып, жұлдызды анаға ақ тілектерін жаудырды. "Бауы берік болсын", "Қандай керемет жаңалық. Қош келдің, ханшайым", "Айсәуле, жарайсың", "Үш қызғалдағың аман болсын", "Балапанның өмір жасы ұзақ болғай", - деп жазуда көпшілік.