BANNER

Бірыңғай уақыт белдеуіне қалай үйрену керек?

pixabay.com

Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленеді (UTC+5).

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді.

Айта кетейік, Қазақстанда уақытты есептеу мәселелері бойынша жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар Бірыңғай уақыт белдеуін құруды ұсынды.

Жұмыс тобы 2023 жылдың сәуір айында қазақстандықтардың неғұрлым қолайлы уақыт белдеуіне көшу туралы бірнеше рет өтініштеріне байланысты құрылды. Оған ғылыми институттардың, медициналық жоғары оқу орындарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары және т. б. кірді.

Жыл бойы медицина, физиология, география, метрология сияқты түрлі бағыттарды ұсынатын жұмыс тобының мүшелері Қазақстан аумағында қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеді.

Жұмыс тобының қатысушылары UTC+5 Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу Қазақстанның көптеген өңірлері шынайы(табиғи) уақытқа барынша жақын уақытты пайдаланатын ең дұрыс және оңтайлы нұсқа болып табылады деген пікірге келісті.

Бұл ретте жұмыс тобы халықаралық тәжірибені зерделеді, оның барысында бірыңғай уақыт белдеуі әлемнің 175 елінде қолданылатындығы анықталды, ал бірден көп уақыт белдеуінде небәрі 22 мемлекет тұрады.

Уақыт белдеуінің ауысуына қалай бейімделуге болады? \Алғашқы күндері ағзаға көбірек ұйқы беріп, мүмкіндігінше ұйқының ұзақтығын бір сағатқа ұзартқан дұрыс, сонымен қатар дұрыс тамақтану режимін сақтау керек (майлы, ащы, ысталған тағамдарды, фаст-фудты, тәттілерді алып тастаңыз), дәрумендерге бай тағамдармен байытыңыз. Таза ауада көбірек қозғалу және серуендеу, шамадан тыс жүктемені азайту, әсіресе балалар мен қарт адамдар, осылайша кәсіби және тұрмыстық жүктемені азайту пайдалы болады. Балаларға қатысты балаға көбірек көңіл бөлу және оның қыңырлығына төзімділік таныту. Егде жастағы адамдарға ұйықтар алдында жеңіл серуендеуге, шамадан тыс физикалық белсенділіктен аулақ болуға, қан қысымын бақылауға кеңес беріледі. 

1 наурызға дейін жолаушыға нені білу керек?

ҚР Көлік министрлігі көршілес теміржол әкімшіліктерімен және «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ қатысушы қызметтерімен бірлесіп жолаушылар поездарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізді. Жолаушылар пойыздарының барлық өзгерістері ресми сайттар мен интернет-ресурстарда қол жетімді.

Жолаушыларды уақтылы хабардар ету үшін қызметкерлер арасында ҚР бойынша Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде жолаушылар және қала маңындағы поездардың жүру тәртібі туралы тиісті нұсқамалар жүргізіліп жатыр. 

Жолаушылар анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы немесе @KTZH_PP_BOT Telegram ботының көмегімен тегін ала алады.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін авиакомпаниялар тарапынан авиакомпаниялардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетеді.

Атап айтқанда, Air Astana, SCAT және Qazaq Air авиакомпаниялары авиабилеттерді сату жүйелеріне барлық қажетті өзгерістер енгізді, сондай-ақ барлық жолаушыларға тиісті хабарламалар жолданды.

29 ақпаннан 2 наурыз аралығында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің жедел штабының негізінде 8 7172 798214, 8 7172 798213 нөмірлері бойынша «жедел желі» жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, рейстің өзекті мәртебесін нақтылау үшін жолаушылар әуежайдың анықтамалық қызметтеріне және Air Astana авиакомпанияларының Call-орталықтарына келесі нөмірлер бойынша 8 727 244 44 77, 8 7172 58 44 77, 8 702 702 44 77; FlyArystan 8 727 331 1010 (WhatsApp 8 702 702 0227); SCAT 8 7252 99 88 80; Qazaq Air 8 727 356 14 14 жүгінуі керек.

Сағатты ауыстыру кезінде гаджеттер мен техниканы қалай дайындау керек?

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшу үшін әмбебап нұсқаулықты ұсынады.

Бұл жаңартуларды алмаған азаматтар олардың жоқтығынан алаңдамауы керек. Құрылғылардың бағдарламалық жасақтамасын соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет.

Автоматты жаңарту, параметрлерде уақытты автоматты түрде анықтау және интернет байланысы қосылған кезде-уақыт автоматты түрде өзгереді, егер жоқ болса – қолмен өзгерту керек.