Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алғаш рет бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Черногорияның Будвада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы Өзбекстанды артқа тастап, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Қазақстандық боксшылардың жетеуі финалға шығып, соның алтауы алтыннан алқа тақты. Боксшыларымыз 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль иеленді. Назарларыңызға әлем чемпионы атанған боксшылардың тізімін ұсынамыз:
51 кг: Бексұлтан Боранбек – алтын.
67 кг: Төрехан Сабырхан – алтын.
71 кг: Өнер Сейілхан – алтын.
75 кг: Санжарәлі Бегалиев – алтын.
50 кг: Елянұр Тұрғанова – алтын.
66 кг: Ұлдана Таубай – күміс.
81 кг: Аружан Зейноллаева – алтын.
Жалпы жүлде кестесі:
Қазақстан - 6 алтын, 1 күміс,10 қола.
Өзбекстан - 5 алтын, 5 күміс, 3 қола
Ресей - 5 алтын, 2 күміс, 1 қола
Қытай - 3 алтын,3 күміс, 4 қола
Ирландия - 3 алтын.
Айта кетейік, Будва бәсекесінің жартылай финалында Қазақстан құрамасы сапынан 17 спортшы (8 ер, 9 әйел) сынға түсті. Оның ішінде 10 боксшы жеңіліске ұшырап, қола жүлде еншіледі.