BANNER

Бокстан әлем чемпионаты: Боксшыларымыз алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізді

Фото: ҚБФ

Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталып, спортшыларымыз алғашқы жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде шаршы алаңға 4 боксшымыз шығып, соның үшеуі жеңіске жетті. 63 келіге дейінгі салмақта Аружан Жанғабаева алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Милана Дзугаеваны жеңсе, Толғанай Қасымхан (60кг ) венесуэлалық Мена Юлиден басым түсті.  Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Алексей Хаванцев қырғызстандық қарсыласы Алихан Майранбековты жеңді. 

Өкінішке қарай, әлем чемпионатын Андрей Румянцевтен жеңілген Бақытжан Айтмұханов (86 келіге дейігі салмақта) аяқтады.