BANNER

"Боран болып, қар жауады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: pixabay.com

Қазгидромет еліміз бойынша 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамынша Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады.

Жауын жауып, соңы қарға ұласады. Еліміздің солтүстік жартысында боран болып, қар жауады. Елдің басым бөлігінде көктайғақ, екпінді жел мен тұман болжануда. 7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қалың қар жауады. Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында 30 м/с және одан да көп екпіні бар өте қатты жел болады.

Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 2-7 градус аязға дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз, таулы аудандарда 6-11 аяз болады.