BANNER

Будапештте өткен турнирде Жәмилә Бақбергенова алтын алды

Фото: Қазақстандағы өзекті жаңалықтар

Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова Будапеште (Венгрия) әйелдер күресінен ірі турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

72 келіге дейінгі салмақта оған тең келер ешкім болмады. Финалда ол Ноеми Сабадостан (Венгрия) мықты шықты.

 

Дәл осы категорияда Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ Диана Каюмова (59 келіге дейін) үшінші орынға ие болды.