"Қазгидромет" РМК дүйсенбі, 3 маусымда ел аумағында ауа райы қалай болатынын айтып, жалпы болжаммен бөлісті,-деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Болжамға сәйкес, солтүстік және орталық аймақтарды қоспағанда, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипатқа ие болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Алайда, еліміздің солтүстік және орталық аймақтарына жауын-шашынсыз ауа райын тудыратын антициклон әсер етеді. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс желдің екпін алуы болмақ, шығыс өңірде түнде және таңертең тұман болады, - деп жазды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы аймақтарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Ақтөбе, Қарағанды және Ұлытау облыстарының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.