BANNER

Бүркіт пен Аиша тағы да сәбилі болатынын жария етті

Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша жақында тағы да балалы болатынын хабарлады. Жұлдызды жұп желідегілердің болжамын растап, төртінші сәбиін күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл қуанышты жаңалығын әнші Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізді. Жұлдызды әке отбасымен Балидегі демалыстан видео жариялап, оның астына ерекше жазба қалдырды.

"Әйеліңнің аяғы ауыр кезде бар қалауын орындайсың", - деп жазды Бүркіт.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылар үшін қуанып, оларға жылы лебізін жарыса жазды.