BANNER

Cенат «БАҚ туралы» заңды қабылдады

Фото: pexels.com

Сенат «БАҚ туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады. Енді заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қою керек,-деп хабарлайды LIFE09 ақпаратттық агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.

Сенатта әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова «БАҚ туралы» заңға қандай жаңашылдықтар енгізілгенін айтты.

 

«БАҚ туралы» заңға мынандай жаңашылдықтар енгізу көзделген:

  • Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстанның ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды;
  • Бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді;
  • БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
  • БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді;
  • Мемлекеттік тілдегі теле, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%);
  • Отандық теле, радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле, радиоарналардағы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%) көзделді;
  • Отандық теле, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін азайту белгіленді;
  • Журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде нормалар енгізілді;
  • Сондай-ақ, қолданыстағы ұлттық заңнамада кездесетін «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «масс-медиа» сөзімен ауыстырылады.