Отандық актриса Дариға Бадықова жеке парақшасында денсаулығының сыр бергенін айтып, ауырмайтын жолды іздеуге кеңес берді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі жеңіл дүниелерді қиындататын адамдарға тоқталды.
“Букет диагноз болса да, "қойшы, мен осылай ауырамын ба?" дедім. Айтайын дегенім, кейінгі кезде ел аман, жұрт тыныш болса да қиын емес дүниелерді қиындатып жібердік. Кей адамдарға жерді басып жүру де міндет болды. Тым көкіп кесірленбейік! Әр түрлі коучтарды тыңдап құтырмайық!" – деп жазды актриса желідегі парақшасында.
Сонымен қатар киножұлдызы адамдардың мінез-болмысына қатысты да өз ойын бөлісті.
“Одан кейін түсінгенім өзің қара күштің адамысың. Қасыңда мықты көмекшілер болу керек! Күштің адамы күшсіз адамға талап қойғанда ана адам есінен танады. Күшсіз адамның айтар сылтауы көп болады. Ісі ұзақ бітеді. Шайнап жүретіндер де жүйкеңді алады екен", – деген пікір білдірді актриса.