BANNER

Доллар бағамы 510 теңгеден асты

Фото жүктелмеген

Доллардың теңгеге қатысты бағамы өсті, - деп хабарлайды saryarqanews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,33 теңгеге көтеріліп, 510,26 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, долларының 11 наурыздағы ресми бағамы 509,80 теңге.

kurs.kz мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 513,60 теңге, сатылым - 518,99 теңге. Нұр-Сұлтанда долларды орташа есеппен 516 теңгеден сатып алады, 518,86 теңгеден сатады.