BANNER

Егіндібұлақ ауылында жаңадан «Оқушылар орталығы» ашылды

Ашық дереккөзі

Қарқаралы ауданының әкімі аудандық балалар және жасөспірімдер орталығының жанында «Жас түлектер» аула клубы, Туристер станциясы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Жаңа «Оқушылар орталығында» ауылдың 377 оқушысы 12 бағыт бойынша әртүрлі үйірмелерге қатысуда.

Қарқаралы қаласының № 1,2 орта мектептер, Қарағайлы кентінің №16 мектебі ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Темірші, Мәди ауылдық округтарындағы мектеп ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.

Дүйсетаев Эльдар сөзінше, аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру мақсатында Саробалы, Ынталы, Бесоба, Нұркен ауылдарында ашық футбол ойын алаңдары мен Қарқаралы қаласындағы спорт орталығы жанынан футбол алаңы орнатылды.