Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ke сілтеме жасап.
Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.
Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін, активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылады.