BANNER

Елде колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға өседі

pixabay.com

Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға өседі Биыл жаңа оқу жылынан бастап 300 мыңға жуық студенттің стипендиясы көлемі артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Орта буын мамандық студенті үшін 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге, ал жұмысшы біліктілігі бар студент үшін 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», - деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігі.

Қазір елімізде колледждерде 542 мың студент оқиды. Олардың жартысынан көбі (344 мың) тегін оқиды. Бұған дейін өткен жылы 250 мың студенттің шәкіртақысы 50%-ға өскен еді.