Елена Рыбакина Брисбендегі (Австралия) WTA 500 сериясы турнирінің финалында Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-ші орын) және беларусьтік Арина Соболенко (2-ші орын) бүгін бас жүлде үшін сынға түсті.
Бірінші партияда-ақ Елена қарсыласын шаң қаптырып кетті - 6:0.
Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді - 6:3.
Бір сағат 10 минутқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
А.Соболенко 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Осылайша, Елена Рыбакина өзінің негізгі қарсыласын жеңіп, 2024 жылдың алғашқы кубогын жеңіп алды.