Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: ашық дереккөз

Ол ширек финалда отандасы Юлия Путинцеваны 4:6, 7:6, 7:5 есебімен ұтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Рыбакина финалға шығу үшін ресейлік Мирра Андреева мен белорус Арина Сабаленка арасындағы кездесу жеңімпазымен жұдырықтасуы керек.

 

Естеріңізге сала кетейік, жүлде қоры 7,6 миллион еуро.