BANNER

Елімізде тағы бір түлек ҰБТ-дан 140 балл иеленді

Фото: el.kz

IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру және ҰБТ нәтижесін есепке ала отырып, Ақмола облысы Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанова 140 балл иегері атанды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Айым ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсырып, 90 балл жинады. Сонымен қатар ол «Ағылшын тілі» пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынды. Ережелерге сәйкес, IELTS балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш беріп, сертификаттың растығы анықталған соң ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қазіргі уақытта Айым Ержанова 140 балдың екінші иегері атанды және конкурсқа ең жоғары балмен қатысады.

Сондай-ақ IELTS халықаралық сертификатындағы балдарды ауыстыруды есепке алғанда, Ақмола облысы, Қосшы қаласының талапкері Мардан Күншығаров 139 балға ие болды.