ҚР Қорғаныс министрі жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралар функцияларын кеңейте отырып, запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламаларын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап
«Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы азаматтарды әскери қызметке даярлауды дамытуға баса назар аударуда. Бірақ, бұл ретте запастағы офицерлерге жеткілікті көңіл бөлмей келеміз. Әскери кафедралардың барлық қызметі әскери істер бойынша берік білім алуға бағытталып, әскери кафедралар қызметінің аясы кеңейуі керек. Олар жастардың әскери дайындық пен әскери-патриоттық тәрбиелеу орталықтарына айналуы тиіс», - деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Өзгерістер аясында Қорғаныс министрлігі өзіне оқу орындарындағы әскери дайындықты бақылау құзіретін беруді жоспарлап отыр. Әскери кафедралар сондай-ақ тапшы мамандықтар бойынша запастағы қатардағы құрамдарды даярлауды енгізеді, бұл бітірушілердің әскерге шақырылған жағдайда қызметке дайындығын арттырады.
Кездесу барысында Қорғаныс министрі алған білімін іс жүзінде қолдануға дайын болуы тиіс запастағы офицерлерді даярлаудың маңыздылығына тоқталды. Әскери кафедралардың бастықтары ағымдағы жағдай мен оқу бағдарламаларын жаңа талаптарға сай бейімдеу жоспарлары туралы баяндады.