Boeing компаниясы 99,9% ауадан тұратын «ең жеңіл» металды көпшілікке таныстырды. Металдың қаншалықты жеңіл екенін көрсету үшін бақбақ гүлінің мамық тұқымына металды орналастырады. Оның өте жеңіл болғаны соншалық, бақбақтың мамық тұқымы мүлде қисаймайды, яғни деформацияланбайды.
Эксперттердің айтуынша, оларды мұндай металл жасауға іші қуыс болса да өте берік боп табылатын құс сүйегі шабыттандырған. Сүйектің сыртқы құрылымы ұяшық тәріздес ішкі ашық жасуша құрылымына сүйенеді. Ғалымдар сүйектің бұл қасиетін кеуекті түтіктерден жасалған 3D «микро - торды» құру үшін қолданылған жасанды материалға қолданады. Әр түтіктің қабырғасы адам шашынан 1000 есе жұқа. Бұл металлдың берік әрі өте жеңіл болуына мүмкіндік береді.
Аталмыш өнертабыс ұшақтарды жасау процесін өзгертіп, оларды әлдеқайда жеңіл етеді. Сонымен қатар зерттеушілер жаңа материал түрін ғарыш кемелерін жасау үшін NASA – ға ұсынбақ.
Ақерке АЯНҚЫЗЫ