BANNER

Ескерткіш

Ашық дереккөз

Зерттеушілердің бүгінгі күні тапқан деректеріне сенсек, осызаманғы поэзиядағы тақырыптар мен идеалардың түп төркіні Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан Эллада Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейінгі ежелгі грек мемлекетінен, тура осы

ақыннан шыққаны белгілі болды. Мәселен, елдің бәрі білетін, әсіресе, ақындар қауымына өте-мөте таныс "Ескерткіш" деген бір тақырып бар. Ол да осы ақыннан шыққан, – біздің бәріміз жақсы білетін Горацийден* емес! Ол соның жырын піртұтқандардың біреуі ғана! Пушкиннің өзі солардан алып, "Я памятник себе воздвиг нерукотворный…” деген өлеңін жазған. Бұл оның классикалық туындысының бірі әрі бірегейі. Мұқағалидың "Ескерткіші" одан, мүлде, бөлек: " Ал енді қоштасайық, сардар аға. Мен ертең кетем ұшып сардалама, Қыранның қырандығы – кең далада, Қыранның қырандығы – тауда ғана. Мен ертең кетем ұшып сардалама. Қош боп тұр, қош есен бол, сардар аға! Сөкпей де өкпелемей қал балаңа... Ақынның ақындығы – атақта емес, Ақынның ақындығы – арда ғана. Айтатын арызым бар, аға, саған, Көңіл – кермек, бой - күйез тамашадан. Ақымақпын, кей-кейде арыма мен, Өз қолымен күйені жаға салам. Сен болған шақ бұлыңғыр, тұнжыр маған. Әйтсе де аямапты құрғыр заман. Болат Пушкин тіріліп кете ме деп, Тұғырыңды болатпен шынжырлаған. Қарадым сенің қола мүсініңе, Қоланы да болады түсінуге. Мені тәңірім жаратқан табынуға, Сенің мәңгі қақың жоқ кішіруге. Ортасына сауықшыл түсіп көптің, Мастандым да, масайрап ісіп кеттім. Мұң шаға келіп едім – ұш! -дедің сен, Өзің ұш деп тұрған соң ұшып кеттім. Ұшып кеттім тауларға бұлт басқан, Төңкеріліп теңізге тұныпты аспан. Теңіз бенен аспанның тыныштығын, Долы дауыл барады жұлып, қашқан. Хош бол, аға, әлемді тамсандырған, «Тас мейманға» табиғи жан салдырған. ...Меніменен сайрандар жел жоқ, бірақ, Алатауым күтіп тұр қарсы алдымнан..."

*Гора́ций Флакк (лат. Quintus Horatius Flaccus),-- ертедегі грек ақыны.

Мынау Жұмекеннің "Абай ескеркіші" деген өлеңі: "Бір сенімі бар еді маған да елдің, "Ұлғайды арман", Мен-дағы алаң болдым. Ымыртта ымырт құсап қоңырайып, Өзімді іздеп шығып ем – саған келдім. Кетті дейді жыр оңбай... құрсын бәрі, Сыншылар жүр том жазып, ырсыл қағып... Жүз мода өзгерді ғой, мың бір заман, түйе жүн күпі киіп тұрсың ба әлі? Қара шал-ай, қарашы мойын бұрып: Жырды алдым шау тарттырып, қойылдырып. Басқа барар жерім жоқ, саған келем, Қалғанда сөзім жүдеп, ойым құрып. Таппаған соң

өлеңмен жүрек емін, бір-ақ сілтеп қолымды жүрер едім: туатұғын сықылды бүгін-ертең мраморға жазылар бір өлеңім. Қажып келдім, қасыңа

қалғиыншы, Не қарғыс, не бата айтшы... ал, құйылшы. Сен маған туған жерім сияқтысың, Аңсағанда келетін шалдың исін..."

                                                                                               Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ