2024 жылдың жазы табиғи апаттардың көптігімен тарихқа енуде, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам шошытарлық дерекпен бөлісті. Жыл сайын 175 мың еуропалық аптап ыстықтан көз жұматыны айтылуда.
Жаһандық ауқымда ауа температурасының шектен тыс көтерілуінен жылына жарты миллион адам қайтыс болады.
"Миллиардтаған адам аптап ыстық эпидемиясымен бетпе-бет келуге мәжбүр. Олардың басым көпшілігі ауа температурасы 50 градус Цельсийден асып, өлімге әкелетін жылу толқынынан тіл тартпай кетеді", - деп атап өтті БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.