BANNER

Геркулес қамалы

Ашық дереккөз

Ғаламның сыры бізге әлі беймағұлым. Ғалымдар әлі күнге күн жүйесінің өзін толық зерттеп болған жоқ. Әйтсе де, аспанның түкпір-түкпірін жүздеген алып телескоптар бақылап тұр.

Бүгінгі күнде бізге белгілі ең үлкен шоғырлы құрылым Геркулестің ұлы қорғаны. Солтүстік тәжі деп те атайды оны. Ол 10 млрд жарық жылын (световых лет) құрайды. Оның құрамында мыңдаған, тіпті миллиондаған галактика бар. Біз көріп, бақылап жүрген аспанның 10 пайызын құрайды. Бұл дегеніңіз ғарыш ғылымындағы барлық заңдылықтарға қарсы. Тіпті, ғалымдардың өзі оның қалай құралғанын түсіндіре алмайды. Түсіндірмек тұрмақ, түсіне алмайды.

Ақерке Аянқызы