BANNER

Ғұсман Қырғызбаевқа жанкүйерлері көлік сыйлады

Фото: baq.kz

Спортшы Олимпиадаға аға лейтенат болып барып, капитан болып қайтқан, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Baq.kz-ke сілтеме жасап.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев барша қазақ еліне алғысын білдірді.

"Маған қолдау білдірген Қазақ еліне алғысымды айтамын.  Мен Олимпиадаға аға лейтенат болып барып, капитан шенінде оралдым. Жарысқа әрбір спортшы алтын аламын деп шығады. Мен барымды салдым. Күтпеген жерден қола медальға ие болдық. Негізінде финалға жолдама алатын кезде бразилиялық балуанды жеңемін деп отырған едім. Қолаға да қанағат деп отырмыз. Алдағы уақытта спортпен айналысып, жаттығуларымды жалғастырамын. Додаларға қатысып, жарыстарда көріну ойда бар. Жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын",- деді дзюдошы.

Халықаралық Алматы әуежайының алдында спортшы Ғұсман Қырғызбаевқа жанкүйерлері көлік сыйлады.