BANNER

Иман Хелифтің ер адам екенін дәлелдейтін құжаттар табылды

Фото: Richard Pelham

Бокстан олимпиада чемпионы Иман Хелифтің ер адам екенін көрсететін құжаттар пайда болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Француз журналисі Джаффар Айт Аудиа әлеуметтік желідегі парақшасында Хелифтің медициналық сараптамасының көшірмесін алғанын мәлімдеді.

2023 жылғы сараптама нәтижесінде спортшыда 5α-редуктазаның II типті тапшылығы бары анықталған. Бұндай ауытқудың тек биологиялық тұрғыдағы ер адамдарда ғана  кездесетіні айтылған.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Хелифтің трансгендер емес екеніне және медициналық сараптаманың заңды жасалғанына сенімді.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы Париж Олимпиадасы финалында Хелиф қытайлық спортшы Ян Люді 5-0 есебімен жеңіп, алтын медаль алған еді.