BANNER

Ішкі рейстермен 24 бағыт бойынша ұшу арзандайды

Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік маңызы бар бағыттарда ұшу үшін әуе компанияларына субсидиялар бөлінді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.  

Отандық әуе компаниялар еліміздің ішкі рейстерін ұшумен қамтамасыз етіп, төменде көрсетілген 24 әлеуметтік маңызы бар бағытта ұшады.

Ел ішіндегі қалалар арасында әуе қатынасын одан әрі дамытып, жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін 2025 жылы субсидияланатын әуе рейстерін орындайтын әуе компаниялар конкурс нәтижесіне сәйкес айқындалды. Субсидияланатын маршруттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ішкі әуе нарығының дамуын қамтамасыз етпек.

Билеттерді әуе компанияларының ресми сайттарынан сатып алуға болады.