BANNER

Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

Фото: yandex.kz

Ол мобильді телефондар мен аксессуарларды сату кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейдің Новосибирск қаласында ұсталды.

24 жастағы күдіктіге ІІМ Интерполы іздеу жариялаған. Оған ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.

"Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын сатамын деген желеумен алаяқтық жасаған. Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған", - дейді ведомство.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.