BANNER

Канье Уэст пен қазақстандық режиссер бірігіп бейнебаян түсірді

Фото: ашық дереккөз

1 мамыр күні американдық рэпер Канье Уэст «Talking» әніне бейнебаянын жариялады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Бұл бейнебаян6а оның қызы Норт Уэст режиссерлік еткен. Кадрда оның құрбыларымен қыдырып, әкесімен бірге бокстасып жатқанын көруге болады. Ал бейнебаянның монтажымен және түстерін өңдеумен қазақстандық режиссер, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының, "New York Film Academy" кино мектебінің түлегі Медет Шаяхметов айналысқан.

Бейнебаяннан үзіндіні Медет өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап, желі қолданушылары оның жұмысына тәнті болды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by medet (@medet.pbc)