Қазгидромет сәрсенбі, 11 қыркүйекте Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 17-19 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 26-28 градус жылы.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 9-14 метр.
Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр.
Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында түнде жауын-шашын, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз шығыста, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, облыс орталығында аздаған жаңбыр жауады.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 8-13 метр.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, күндіз оңтүстікте жел соғады, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында құмды дауыл тұрады.
Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстікте, облыс орталығында құмды дауыл соғады.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 7-12, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстіктен соғатын жел екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстігінде 5, күндіз 14-19 градус жылы.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.