BANNER

Қарағанды қалалық мәслихатының XXXVII сессиясында маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды

Фото: Автордан

А.Ж Бөкеновтың төрағалығымен Қарағанды қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезекті XXXVII сессиясы өтті.

Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары Камзин Қ.А., Жиенбаев Д.С., Қожақапанов Р.М., Қарағанды қаласы мен аудандарының Ардагерлер кеңесінің төрағалары, қаланың Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, "Жол активтері ұлттық сапасының орталығы" қарағанды филиалының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Қарағанды қаласы әкімдігінің 2024 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы есебі; Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының кепілдік мерзіміндегі жолдар және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы ақпараты; Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары мен мөлшерін айқындау туралы мәселе.

Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.