BANNER

Қарағанды қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар азаматтарды орналастыруға арналған орталық ашылды

Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы" КММ жанынан тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар азаматтарды қысқа мерзімге орналастыруға арналған үй-жай ашылды.

1

Зорлық-зомбылық құрбаны болған азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Үй-жай 14 жатын орынмен жабдықталған. 3 жатын бөлме, ас үй, екі тазалық бөлмесі бар. Төсек-орын, тамақ дайындауға арналған ас үй техникасы, кір жуғыш машина, теледидар және т. б. толық жабдықталған.

Үй-жайдың ауданы 124, 3 шаршы метрді құрайды.

2

Бұл үй-жайды жөндеуге және жарақтандыруға қалалық бюджеттен қаражат бөлінді.

Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарды (отбасыларды) тиісті ұйымдарға жібергенге дейін бір айға дейін уақытша тұру мүмкіндігін ұсынады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарды сәйкестендіру қажет болған кезде Орталық екі жұмыс күні ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін тиісті ұйымдарға жібереді.

Адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету және жан-жақты қолдау көрсету:

1)адамдардың (отбасылардың) өздері жүгінген кезде;

2) отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша "111" байланыс орталығына жүгінген кезде;

3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде;

4) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар (отбасылар) туралы ақпаратты мемлекеттік органдардан, консультативтік-кеңесші, алқалы органдардан, ұйымдардан және жеке тұлғалардан алған кезде;

5) бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

Орталыққа жұмыс күндері қабылданады.

"Отбасын қолдау орталығы" КММ мекенжайы-Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7 үй.

Телефон: 8 (7212) 955808,

8(7212)955809.

Instagram: otbasy.ortalygy.krg