BANNER

Қарағанды медицина университеті қайта құрылды

Фото: gov.kz

Үкімет қаулысымен "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ қайта құрылды.  Қарағанды медициналық университеті мен еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы – мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын дербес ұйымдар, деп хабарлады ЖОО.

"Университет жұмысын әдеттегідей жалғастыруда. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі ресми атауы өзгеріссіз қалады. Сөз тәртібі тек орыс тілінде өзгереді. Осы сәттен бастап дұрыс атауы – Қарағанды медициналық университеті ("ҚМУ" КЕАҚ)", – деп хабарланды жоғарғы оқу орнының Instagram-дағы ресми парақшасында.

 Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығының Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне 2018 жылы қосылды, деп еске салды ЖОО-да. Бұл экономикалық қажеттіліктен туындағаны атап өтілді. Университет орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өз қаражатын инвестициялады. Осы уақыт аралығында институт құрамында кәсіби денсаулық клиникасы мен ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертхана жұмыс істеп келеді.