BANNER

Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті

Фото: Акимат Карагандинской области

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен облыс әкімдігі ұйымдастырған Форумға 180-нен астам қатысушы, оның ішінде Қарағанды облысының әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, облыстық мәслихаттың төрағасы мен депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының басшылары, қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

ав


Форум халықпен тиімді жұмыс жасау мәселелері талқыланған ірі диалогтық алаңға айналды. Жұмыс барысында ауылдағы проблемалық мәселелерді шешу, мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстар мен тың идеялар айтылды.

 
Қазіргі уақытта жергілікті жерлерде әкімдердің алдында көптеген міндеттер тұрғандықтан әртүрлі салаларда жаңа білім мен тәжірибе талап етіледі. Өз баяндамамда (сөзімде) партияның Сайлауалды бағдарламасын республикалық және өңірлік деңгейлерде жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын іске асырудың негізгі көрсеткіштерін атап өттім.

 

рп


Сондай-ақ жергілікті жерлерде партиялық жобалардың жұмысы мен іске асырылуына ерекше назар аудардым. Бұл – «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Құқықтық көмек», «Кітап аманаты» және т.б. жобалар. 


Біздің «AMANAT» партиясынан сайланған ауыл әкімдері халықтың әл-ауқатты болуы үшін екі есе жауапты болады, олар өздерінің жұмыс нәтижелері, ауылдағы тұрғындардың өмірін жақсарту, атқарған барлық жұмысы халықтың ертеңгі күнге деген сенімін арттыратынын түсінуі тиіс.

 

орпа


Сондай-ақ Форумға қатысушылар үшін семинар ұйымдастырылды. Оның барысында кәсіби коучтар осы қызмет саласындағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті, менеджмент процесін жақсартуға қатысты практикалық ұсынымдар айтылды. Бұл жерде ауылдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін әрбір қатысушыны үлкен жұмыс күтіп тұрғанын атап өткім келеді және бұл жұмыс дәл осындай форумдардың арқасында жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді моделіне әкелетініне сенімдімін.