Қарағанды облысының Нұра ауданында жоғалып кеткен ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар Нұра ауданында сағат 09.46-да қыстауынан адасып кеткен ер адамды тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады.
"17 ақпанда (туыстарының айтуынша) жоғалған ер адам қыстауда болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті. 18 ақпанда сағат 07.30-да ТРЕКОЛ көлігіндегі жедел-іздестіру тобы Нұра ауданы Сарыөзен кентіндегі қыстаққа аттанды. Қарда жүретін көлігінің жанармайы таусылғаннан кейін адасқан азамат сол жерге жеткен", -делінген хабарламада.
Ер адам 14 ақпанда қарда жүретін көлікпен мал іздеп шығып, адасып қалған. Ол бес күннен кейін үйіне оралды.
Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру жұмыстарына МИ-8 "Қазавиапас" тікұшағын пайдаланды.