Сәуірдің 13-і күні түске жуық көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатының терезесінен үш жасар қыз құлап кеткен. Оқиға Қарағанды қаласындағы Мәметова көшесі мекенжайындағы үйде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.
Дәл осындай оқиға бүгін, 15 сәуірде болды. Қарағандыда Аманжолова көшесіндегі үйдің 3-қабатының терезесінен 2022 жылы туған қыз бала құлап кетті. Қыздың жағдайы тұрақты, ауыр.
Балаларды қараусыз қалдыру және қауіпсіздік құралдарының болмауы қайғылы оқиғаның басты себебі болып табылады.
❕Осыған байланысты Қарағанды облысының ТЖД еске салады:
‼️Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
‼️Балалар бар пәтерде терезелерде арнайы қорғаныс құралдары болуы керек;
‼️Терезенің тұтқасын бала өз бетімен аша алмайтындай етіп бекітіңіздер;
‼️Бала терезеге шыға алмайтындай жиһаздың барлық түрін терезеден алысқа орналастырыңыздар;
‼️Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.
✅Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!