Қарағанды ​​облысында соңғы үш күнде екі бала терезеден құлап кетті  

-


Сәуірдің 13-і күні түске жуық көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатының терезесінен үш жасар қыз құлап кеткен. Оқиға Қарағанды ​​қаласындағы Мәметова көшесі мекенжайындағы үйде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.
Дәл осындай оқиға бүгін, 15 сәуірде болды. Қарағандыда Аманжолова көшесіндегі үйдің 3-қабатының терезесінен 2022 жылы туған қыз бала құлап кетті. Қыздың жағдайы тұрақты, ауыр.
Балаларды қараусыз қалдыру және қауіпсіздік құралдарының болмауы қайғылы оқиғаның басты себебі болып табылады.
❕Осыған байланысты Қарағанды ​​облысының ТЖД еске салады:
‼️Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
‼️Балалар бар пәтерде терезелерде арнайы қорғаныс құралдары болуы керек;
‼️Терезенің тұтқасын бала өз бетімен аша алмайтындай етіп бекітіңіздер;
‼️Бала терезеге шыға алмайтындай жиһаздың барлық түрін терезеден алысқа  орналастырыңыздар;
‼️Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.

✅Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!