Қарағанды облысында жас таланттарға қаржылай көмек беріледі

-

Қарағанды облысында Jas Fund жастарды қаржылай қолдау қоры бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл мекеме жас қауымдастықтарға шығармашылық немесе интеллектуалды бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Биыл қаржылық қолдау алуға өтінімдерді қабылдау басталды.

Ақшалай көмек республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарға, олимпиадаларға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ жастарға арналған шығармашылық, зияткерлік немесе қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға арналған. Өтініштер ұжымдық және жеке болуы мүмкін. Үміткерлердің жасы: 14-тен 34 жасқа дейін (қоса алғанда).

Жалпы қор – 10 млн теңге.

Өтінімдер электрондық пошта арқылы қабылданады: jasfund2024@gmail.com (бір PDF).

Анықтама телефондары: 8-777-573-35-91, 8-778-595-30-79.

Шешімді арнайы комиссия қабылдайды.