Оқиға «Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолының 1449 шақырымындағы «Теміртау – Қарағанды» автожол учаскесінде 6 наурыз сағат 16:30-да болған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі ҚазАвтоЖол телеграм парақшасына сілтеме жасап.
«Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолындағы жол-көлік оқиғасы туралы
2025 жылғы 6 наурыз сағат 16:30-да «Теміртау – Қарағанды» автожол учаскесінде («Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолының 1449 шақырымы) жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша қатты қар жауғаннан және көріністің жоқтығынан 10 автокөлік соқтығысып қалды.
Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, мән-жайлар нақтыланды.
Сағат 17:00-де «Теміртау – Қарағанды» төлем ақы алу учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Жол белгілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнатылды.
Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау. Жүргізушілерге сақ болуға, ауа райы жағдайларын ескеруге және жол қызметтерінің нұсқауларына бағынуға кеңес беріледі.