BANNER

Қарағандыда атаулы әлеуметтік төлемді заңсыз алып келгендер  анықталды

www.istockphoto.com

Полиция департаменті мемлекеттік атаулы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алуға байланысты алаяқтық әрекеттері үшін Қарағанды қаласының бірқатар тұрғындарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

"Тінту барысында фискалдық құжат пен ақша тәркіленді.
Сондай-ақ, діни әдебиеттер де табылып, олардың мазмұнын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа деректер тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды", делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7-ші ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек жүйесін қайта қарау туралы тапсырма беріп, әлеуметтік көмекті табысын жасырған алаяқтарға емес, шын мұқтаж жандарға беру керектігін айтты.