BANNER

Қарағандыда ер адам өртеніп кетті

pixabay.com

Қарағандыда жер үйден өрт шығып, үйдің 63 жастағы иесі мерт болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай 6 маусым күні Қарағандыдағы Столичная көшесінде болды. Өрт кезінде 4 бөлмелі үйдегі заттар, жиһаздар, терезелер мен есіктердің жақтаулары жанған. Жалын шарпыған аумақ 16 шаршы метрді құрап отыр.

«№7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы жүрекке массаж жасап, 1961 жылғы үй есінің есін жидырып алған. Ол Қарағандының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай, ер адам көз жұмды»,-деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД қызметкерлері өртенген үйден газ баллонын алып шықты. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.