Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 16 заманауи ойын алаңдары салынды.
Оларды Орталық парк пен Майқұдық мәдениет үйінің жанында орнатты.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бұл әткеншектер инклюзивті орта құруда маңызды рөл атқарады. Әрбір бала өзін қатарластарымен тең сезіне алады.
Бұл ойын алаңдары барлық балаларға қолжетімді. Бірақ басымдық көмекке көбірек мұқтаж балаларда болу керек», – деп атап өтті Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының өкілі.
Әткеншектер кең, мүгедек арбасында отырған баланы да орналастыруға болады.
Мұндай алаңдар – әрбір бала қоғамда қабылданғанын сезінуі үшін жасалған қадам.