Қарағандыда мұнара краны өртенді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін таңертең Крылов көшесінде жаңа ғимараттың аумағында, 6-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы жанды. Өрт алаңы 4 шаршы метрді құрады.
"Құтқарушылардың жақсы жұмысының арқасында өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", – делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.