BANNER

Қарағандыда Ұлттық Ұлан әскери қызметшілерінің өзге ұлт өкілдері арасында “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты байқау өтті

Life09

6 маусым күні Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының  әскери бөлімдері арасында өзге ұлт өкілдерінен тұратын әскери қызметшілермен   «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты  байқау-сайысының 2 кезеңі өтті. Шығармашылық байқауға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облысынан жалпы 7 әскери қызметші қатысты. Басты талап - аталмыш байқауға түркі тілдес емес халықтардан тұратын өзге ұлт өкілдері қатыса алады.

1
- Биыл  өңірлік қолбасшылығының аумағында байқаудың екінші кезеңі өзгеше "онлайн" форматта өткізіліп жатыр. Байқау талаптарына сай әрбір қатысушы 3 тапсырма орындап келуі тиіс болатын, солардың әрбіреуінде қазылар алқасы әр жауынгердің қаншалықты қазақ тілінде емін - еркін сөйлегенін, әртістік қабілетіне назар аударып, бағалайды, - деп Орталық өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға офицері капитан Медет Жексенай байқаудың талаптарымен таныстырды.

2 кезеңнің тәртібіне сай әрбір қатысушы үш түрлі сынақтан өтуі тиіс болатын, алғашқы "Таныстыру" болса, екіншісі қазақ тілінде өзі білетін "мақал-мәтелді" жатқа айту, үшінші айналымда әйгілі ақын-жазушылардың шығармасынан өлеңін оқып беру болатын.

Шара барысында қазылар алқасы әрбір қатысушының жеке дайындығын, сөйлеу мәдениеті, ақпаратты толық жеткізе білуін және де мемлекеттік тілде таза сөйлеуіне аса мән берді. 

Байқау кезінде әрбір жауынгер намысқа тырысып, бірінен бірі аса түсті. Онлайн режимінде өтсе де әрбіреуі өнерлерін паш ету үшін барынша видеотүсірілімнің, дауыс жазылу ырғағына аса мән беріп, өнерлілер кешін одан әрі безендіре түсті.

Байқауды қорытындылай келе, нәтижелер келесідей бөлінді:

жүлделі 3 орынды - 5516 әскери бөлімінен  қатардағы жауынгер Телятник Виталий иеленсе (Теміртау қаласы);

2 орын 6697 әскери бөлімінің ефрейторі Застешко Андрейге бұйырды (Қостанай қаласы);

ал 5510 әсери бөлімінің сарбазы ефрейтор Лукьянов Сергей өз қатарластарынан аса түсіп, биылғы жылғы екінші кезеңнін жеңімпазы атанды. (Көкшетау қаласы)

6505 әскери бөлімі қатардағы жауынгер Ромашев Сергей, 6637 әскери бөлімі аға сержант Буков Дмитрий, 3517 әскери бөлімі қатардағы жауынгер Давлетов Евгений және 5451 әскери бөлімі қатардағы жауынгер Мартын Владислав номинациямен марапатталды.

Айта кетсек, екінші кезеңнің жеңімпазы болашақта қыркүйек айында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы ұйымдастыратын үшінші кезеңде барша Қазақстан алдында "Орталық" өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

Еске сала кетсек,  "Орталық" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы аталмыш сайыста үшінші кезеңінде 2022 жылы Қарағандылық 6505 әскери бөлімінен кіші сержант Владислав Горизанов, 2023 жылы Қостанайлық 6697 әскери бөлімінің маманы қатардағы жауынгер Кирилл Пономаренко бас жүлденің иегерлері атанған болатын. 2024 жылғы сәуір айында қатардағы жауынгер Кирилл Пономаренко "Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін" ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан "Шапағат" медалімен марапатталған болатын.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.