BANNER

Қарағандылық полицейлер интернет-алаяқтардан қалай қорғану керектігін айтып берді

Фото: gov.kz

Қарағанды облысының тұрғындарының киберқылмыскерлердің қулықтарына түсуі әлі де жалғасуда. Құқық қорғау органдары сақтық танытуды сұрайды – бұл интернет-алаяқтардан қорғанудың ең жақсы тәсілі.

Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин мен Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мұсабеков виртуалды алаяқтармен бетпе-бет келгенде өзін қорғау үшін қандай алдын алу шаралары қолданылатыны және не істеу керектігі туралы айтып берді.

– 2024 жылдың үш айының қорытындысы бойынша Қарағандыда 1195 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 291 – интернет-алаяқтық. Яғни, жалпы тіркеудің 24,7 %. Егер жедел қорытындыны талдайтын болсақ, басқаларға қарағанда мұндай қылмыстар Оңтүстік-Шығыс секторының аумағында тіркеледі, – деді Шахназар Салин Өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте.

Ақша ұрлаудың алаяқтық тәсілдері көп: банктен жалған қоңыраулар, табысы жоғары деп уәде беретін желідегі жарнама, конкурсқа қатысу туралы ұсынысы бар фишингтік хабарламалар, туысқандарына дауыс беру, іс жүзінде жоқ құқық бұзушылық жасалды деп телефонмен қоңырау шалу және т. б. Бұл ретте екі ай сайын киберқылмыскерлер схемаларды өзгертеді, деп атап өтті Ерлан Мұсабеков.

– Мысалы, үш айдың ішінде Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінде WhatsApp бұзылып, қылмыскерлер жәбірленушінің байланыс тізіміндегі барлық адамдарға ақшалай көмек сұраған 8 факт тіркелді. Қоңырау шалып, сим-картаның мерзімі аяқталғанын хабарлаған 5 факт бар, – деді Ерлан Мұсабеков.

Киберқылмыстарға, оның ішінде интернет-алаяқтарға қарсы іс-қимыл жасау үшін Қарағанды полиция басқармасының аумақтық бөлімшелерінде "Киберпол" соққы-нысаналы топтары құрылды. Жұмыс "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізіледі. Тергеуші әрдайым жәбірленушімен байланыста болады – істің басынан аяғына дейін.

Полиция қызметкерлері өз деректерін қылмыстық пайдаланудан қорғау үшін бірнеше кеңестер берді:

- төлем картасының деректемелерін (жарамдылық мерзімі, CVV/CVS, ПИН-код) ешкімге бермеңіз және атамаңыз;

- SMS-тен кодтарды хабарламаңыз;

- біреудің өтініші бойынша мобильді банкингтегі телефон нөмірін өзгертпеңіз;

- мобильді банкингтен логин мен парольді бермеңіз;

- белгісіз біреулердің жіберген хаттарындағы сілтемелер бойынша өтпеңіз;

- егер олар ресми сайттардан жүктелмеген болса, белгісіз бағдарламалар мен қосымшаларды орнатпаңыз.

Деректеріңіз зиянкестердің қолына түсті деген күдік туындаған бетте 102 нөміріне қоңырау шалу керек. Егер өзіңіздің шоттарыңызбен сіздің қасытуыңызсыз операциялар жүргізіліп жатқанын байқасаңыз, дереу банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.