Бүгін, 17 мамырда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысына 72 жас толып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі — Кемел Тоқаев — Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған жазушы. Анасы — Тұрар Шабарбаева — жоғары оқу орнында оқытушы болған, шет тілдері педагогикалық институтында қызмет атқарған.
Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, Президент бұл күнді ерекше атап өтпейді. Оның отбасында туған күн тойлау дәстүрге айналмаған. Сол себепті мерекелік шаралар да жоспарланбаған.
Соған қарамастан, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шетелдік мемлекет басшыларынан, халықаралық ұйым өкілдерінен және Қазақстан халқы тарапынан құттықтаулар келіп түсіп жатыр.