Қарағандыда әр сенбі, жекесенбі күндері түрлі куиз ойындары өтетін. Бұл ойындардың қатары тағы бір куизбен толықты. Бірақ бұл ерекше ойын. Бұрыннан ұйымдастырылып келе жатқан ойындар орысша болса, биылғы жылы Қарағандыға қазақша куиз жетті. “TEZTAP” деп аталатын бұл куиз ойындары Астанадан бастау алған. Қазірде еліміздің бірқатар өңірінде өткізіліп жүр. Қарағандыда 3 мәрте ұйымдастырылды. Әлі де жалғасын таппақ.
“TEZTAP” куиз ойынының мақсаты - тұрғындардың ой-өрісін, білімін жетілдіру, бос уақытын тиімді өткізуге жәрдемдесу және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту болып табылады
Ал енді ойын барысына тоқталсақ. Мұнда қатысушылар топ болып бірігіп, сұрақтарға тапқырлықпен тез әрі шапшаң 1 не 2 минутта жауап беру керек. Жарыстың орташа ұзақтығы – 2-2,5 сағат. Куиз ойныдары барлық саланы қамтиды десек артық айтқандық емес. Сонымен қоса логикалық және сыни ойлау қабілетін жақсартады.
Жарысқа қатысу үшін не істеу керек?
Қатысушы тарапынан 5000 теңге көлемінде жарна төленуі керек. Бұл ақшаға куиз ойындары өтетін жердің ақысы, жеңімпаздарға берілетін дипломдар, сыйлықтар, тіскебасарлар және фото, видео түсірілім кіреді. Сондай-ақ бірнеше адамнан тұратын топ құру керек. Және жеңіске деген құлшыныс болу керек.
“TEZTAP” куиз ойныдары әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері өткізіліп тұрады. Ойынға қатысуға өтініш беру үшін instagram желісінде @teztap.qaragandy аккаунтына тіркеліп, сілтеме бойынша өтсеңіздер болғаны. Қазақ тілді куиз ойынының дамуына үлес қосайық!