BANNER

Қазақстан мен Қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы меморандумға қол қойды

Фото: gov.kz

Қазақстан мен Қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Парасаттылық пен ашықтықты ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы" меморандумға қол қойды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді екі ел ынтымақтасты дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл туралы Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали айтты. Қатар басшысы елімізге делегациямен келіп, бірқатар келіссөз жүргізді. Агенттік Төрағасы жемқорлықты жою аясында активтерді қайтару, бизнесті қорғау, бюджет қаражаты мен сатып алудың мақсатты пайдалану жұмыстарына тоқталды